Кездесуге UIB Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Ахмадиярова және университет кітапханашысы Алма Анаркулова қатысты. Олармен бірге «Әлеуметтік-психологиялық процестерді басқару» мамандығының үшінші курс студенттері де Қауымдастыққа барды.
Психоаналитикалық қауымдастық атынан кездесуге Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Кудиярова, Психоаналитикалық қауымдастықтың президенті, психоаналитик Гүлжан Амангелдинова және психоаналитикалық бағыттағы психолог Жаннур Дәуренбекова қатысты.